Аймақтар
1 мин оқу 132

Сегіз облыста көлік қозғалысы шектелді

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдардың кейбір учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ұсынған дерекке сәйкес, 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Олар:

  • Ақмола облысы – 14 учаске;
  • Жамбыл облысында – 1 учаске;
  • Жетісу облысында – 1 учаске;
  • Қарағанды облысында – 3 учаске;
  • Қостанай облысында – 5 учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске;
  • Түркістан облысында – 1 учаске;
  • Ұлытау облысында – 1 учаске.

Айта кетсек, жоғары аталған өңірлерде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 техника жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Сегіз облыста көлік қозғалысы шектелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар