Аймақтар
1 мин оқу 460
Қаракөл қорығындағы аққулардың неден қырылғаны белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысының экология департаменті өкілдері таяуда табылған 30 аққу неден өлгенін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомство мәліметінше, судың іріктелген сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткені анықталмады.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары өз кезегінде тест өткізді. Нәтижелер оң болды және құс тұмауы вирусы болғаны расталды.
Айта кетейік, 21 желтоқсан күні Қарақия-Қарақөл табиғи резерватының инспекторлары табиғатты қорғау жұмыстары кезінде 30 құстың өлексесін тапты.
Бөлісу: