Әлем
1 мин оқу 310
Жапонияда 24 адамның өмірін қиған жер сілкінісі болды
<p style="text-align: justify;">Жапонияда жер сілкініп, қаза тапқандар саны сағат сайын артып жатыр. Құтқарушылар жер сілкінісі өмірін жалмаған жандар қатары әлі де артуы мүмкін екенін ескертеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz. </a></p>

Киодо агенттігі Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапқанын мәлімдеді. 40 адам жарақат алған.
Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияның орталық аймағында магнитудасы 3,6-дан 7,6-ға дейінгі бірнеше жер сілкінісі болды. Күшті жер асты дүмпулері Осака мен Киотода, Токиода сезілді.
Жапония үкіметі цунами қаупі бар деп жариялады.
Бөлісу: