Аймақтар
1 мин оқу 220

Мұралдың авторы – жасанды интеллект

<p style="text-align: justify;">Ақсудағы көпқабатты үй&shy;лердің бірінде энерге&shy;тик&shy;тің муралы пайда болды. Мұралдың кейіпкерін ға&shy;лам&shy;тордағы жасанды ин&shy;теллект шығарып берген.</p>

Мұралдың авторы – жасанды интеллект

Ақсу қаласындағы электр стансасы өзінің 55 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай ша­һар тұрғындарына ерекше сый тарту етуді ойға алған кәсіпорын ең әуелі өз қызметкерлерінің мәртебесін ескерсе керек. Ме­рейлі мамандық иелерінің бей­несін үлкен көшелердің бі­ріндегі көпқабатты үйдің қабырғасына түсіруді ойға алған. Мұралды салу идеясын жергілікті сәулет және қала құрылысы бө­лімінің мамандары бірден қолдап, қолайлы орын ұсынған. «Әуезов көшесі, 55 мекенжайы қалаға кіре беріс айналма жол бойын­да орналасқан. Орталық көше болғандықтан өте әдемі көрінеді», дейді мемлекеттік мекеме басшысы Кирилл Ефремов. Мұралдағы бейненің өзі жасанды интеллектінің көмегімен жасалыпты.

Ақсудағы еңбек адамына деген құрметті білдіретін алғашқы мұрал көпшіліктің көңілінен шық­ты. Тұрғындар үйлеріне жарық пен жылу беріп отырған ма­мандық иелерінің бейнесі қалаға сән қосып тұрғанын айтады.

– Энергетиктердің жұмысы көзге көрінбейді. Үйімізге келіп тұрған электр жарығы мен жы­лудың артында қаншама адамның ерен еңбегі тұр. Біз осы мұрал арқылы энергетик маман­ды­ғы­ның маңызын қоғамға көр­сеткіміз келді. Еліміздегі энер­ге­тика саласының дамуы да осы жандардың қолында, – дейді «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станса­сының операциялық дирек­торы-бас инженері Данияр Шабанбаев.

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы

Бөлісу:
Мұралдың авторы – жасанды интеллект · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар