Спорт
1 мин оқу 410
Бақтиер Зайнутдиновтің Ыстамбұлда қанша жалақы алатыны айтылды
<p style="text-align: justify;">Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын футболшылардың қанша жалақы алатынын түрік журналисі Мұстафа Қаратас жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті журналист өз жазбасында ыстамбұлдық клубта ойнайтын легионерлердің жалақысы тым қомақты екенін сөз еткен. Қаржыны көсіп алатындардың көшін камерундық футболшы Винсент Әбубәкір бастаған, ол 3 миллион еуро көлемінде жалақы алған. Жерлесіміз Бақтиер Зайнутдинов ыстамбұлдық клуб басшылығымен 2027 жылға дейін келісімшарт жасасты. Жалақысы да тәуір – 1,2 миллион еуро тиеді. Өткен жылдың қараша айында Б.Зайнутдинов Түркия ішкі біріншілігінде жарақат алып, мұрны сынды.
Бөлісу: