Спорт
1 мин оқу 173

«Арызымды жазуға бекіндім». Ұлттық құраманың бас бапкері қысылтаяң сәттегі шешімі туралы айтты

<p style="text-align: justify;">Футболдан &nbsp;ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев &nbsp;былтыр 26 наурызда &nbsp;&laquo;Астана Арена&raquo; стадионында өткен Қазақстан-Дания матчында бапкерлік қызметтен кету туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Арызымды жазуға бекіндім». Ұлттық құраманың бас бапкері қысылтаяң сәттегі шешімі туралы айтты

Qazsport  телеарнасы түсірген  «На пути к мечте» деректі фильмінде  Магомед Мұсаұлы  стадионда қабылдаған шешімі туралы айтты.

«Біздің жігіттер 1-таймда 0:2 есебімен ұтылды. Үзілісте киім ауыстыратын бөлмеде шәкірттеріме өз ойымды айттым. Егер біз 2-таймды да әл осы қарқынмен өткізіп, жеңілсек, мен матчтан кейін бас бапкерлік қызметімді өткізетінімді жария түрде жеткіземін дедім. Біз тым болмаса қарымтаға  1 гол соқсақ, ойын басқаша сипат алатынын айтып,  жігіттерді  қайрадым», деді М.Адиев.

Қазақстан  ұлттық құрамасы сол матчта Дания футболшыларын 3:2 есебімен ұтқан еді.     

Бөлісу:
«Арызымды жазуға бекіндім». Ұлттық құраманың бас бапкері қысылтаяң сәттегі шешімі туралы айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар