Аймақтар
1 мин оқу 200

Павлодардағы алтын кенішінен 2 құтқарушының мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Майқайыңалтын&raquo; АҚ алтын кенішіндегі ойыққа түсіп кеткен автобус жолаушыларының екеуінің мәйіті табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодардағы алтын кенішінен 2 құтқарушының мәйіті табылды

«Ойыққа құлап кеткендерді құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Автобустың өзі әзірге табылған жоқ. Опырылып түскен топырақ арасынан 2 адамның мәйіті табылды. Оларды жоғарыға көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалы қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға қабырғамызды қайыстырды», делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда жолаушылар мінген автобус ойыққа құлап кеткенін хабарлаған едік. Апат кезінде автобуста 4 адам болған. 

Бөлісу:
Павлодардағы алтын кенішінен 2 құтқарушының мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар