Сенат
1 мин оқу 250

Өткенге – салауат, болашақтан – үміт

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының &nbsp;депутаты Жанболат Жөргенбаев &nbsp;Мемлекет басшысы &nbsp;Қасым-Жомарт &nbsp;Тоқаевтың республикалық &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінде &nbsp;жарияланған сұхбатын оқып, ақыл-ойымызды зерделей келе &laquo;ресми&raquo; ақпараттан құлағдар&nbsp; болып, &nbsp;&nbsp;күнделікті өмірдің арасында қандай алшақтық бар екені және нақты қандай жағдайдың болып жатқанын айтты.</p>

Өткенге – салауат, болашақтан  – үміт

«Бір-бірімізге қамқорлық танытып, өзімшілдікке бой ұрмауымыз қажет. Президент сұхбатында қамтылған әр мәселенің, ойдың, болашақтың жауапкершілігін сезінген жөн деп ойлаймын.  Қасым-Жомарт Кемелұлы:  «Біз озық ойлы ұлт ретінде халқы­мыз­ды ыдырататын емес, біріктіре­тін жолды таңдап, тек қана алға қарауы­­мыз керек. Жалпыұлттық құн­ды­лық­тар бәрінен жоғары тұру­ға тиіс. Бұл туралы үнемі айтып жүр­мін. Тағы да қайталаймын»  деп жас ұрпақты еңбек­қор­лыққа, білімпаздыққа, кәсібилікке, бір­лікке, ын­ты­маққа, жанашырлыққа, іскер­лікке, баста­ма­шылдыққа, адалдыққа, қарапайым­дылық және үнемшілдікке– нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттерді меңгеруге шақыруда. Отбасы құндылығына ерекше тоқталып,құқықтық сана-сезім қалыптастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елімізде «заң мен тәртіп» халқымыздың қуатын арт­ты­рып, табысқа жетелейтін осындай қа­сиеттер мен құндылықтарды жан-жақ­ты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру ар­қылы ғана сапалы ұлтқа айнала алатынымызға назар аударып отыр.

«Өмірлік тәжірибе - даналықтың әкесі, жады – анасы» деген сөз бар. Біз өткеннен тәжірибе ала отырып, іске асырылып жатқан саяси реформалардың халық игілігіне қызмет етуіне бәріміз жұмыла еңбек етуіміз қажет деп есептеймін», деді Ж.Әкебайұлы.

Бөлісу:
Өткенге – салауат, болашақтан – үміт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар