Президент
1 мин оқу 423
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар құзырлы органдарда кадрлық тағайындау жасады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ Президенттің өкімімен Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков Ішкі істер министрінің орынбасары болды.
Ал Әнуар Жоламанұлы Сабыров Аппарат басшысы лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
Бөлісу: