Ауыл
2 мин оқу 160

Ауыл жұртшылығының айтары көп

<p style="text-align: justify;">&laquo;Мырзакент&raquo; мақта зауытының Шардара, Жетісай, Мақтаарал ауданда&shy;рындағы мақта қабылдау пункттерінде мыңға жуық адам еңбек етеді. Жалпы құны миллиард теңгені құрайтын, АҚШ-тың соңғы үлгідегі жаңа технологиясымен жабдықталған зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тонна. Бірақ шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты биыл 40 мың тонна мақта қабылдаған.</p>

Ауыл жұртшылығының айтары көп

Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаттары Ә.Бектаев, М.Қадырбек және А.Сатыбалдиевпен кездесуде жұмысшылар цифрлық технология нәтижесінде басқа зауыттармен салыс­тырғанда еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары екенін айтты. Сондай-ақ кездесу барысында өндіріс орнындағы еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың әлеу­меттік жағдайы сөз болды. Сенатор­лар «Жастар орталығы» КММ ғима­ра­тында аудан тұрғындарымен кез­десті. Кездесу барысында аудан көле­мінде шешімін таппай жатқан түрлі әлеумет­тік-экономикалық мәселе көтеріл­ді. Өз кезегінде сенаторлар тұрғындар кө­тер­ген мәселелердің шешімін та­буы­­на атсалысатындарын жеткізді.

Ал Мәжіліс депутаты Темір Қырық­баев Мақтаарал ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аза­маттар мектептерді жылыту, ПУИД-2 бағдарламасының құрылысы, тоғай алқаптарын мемлекет меншігіне қайтару, дренаждарды іске қосу, учас­келік жер телімі, медициналық нысан­дардың ахуалы, әлеуметтік сала, ауыз су бойынша мәселелер көтеріп, сұрақ­тар қойды. Өз кезегінде халық қалау­лы­сы қойылған сұрақтар бойынша тиісті сала басшыларының жауа­бын қарады. Жергілікті жерде шешіле­тін мәселелерді дереу қолға алуды тапсырып, республикалық деңгейде шешілетін мәселелерді Парламент төрінде көтеретінін жеткізді.

Сондай-ақ Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барған депутат «Amanat» партиясы Жетісай аудан­дық филиалының ғимаратында қоғам­дық қабылдау өткізді. Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде өткен қабыл­дауға келушілер мәжілісменге апатты жағдайдағы көппәтерлі үйлердің орнына жаңа үй салу және мектептердің күрделі жөндеуі, медициналық пункт салу, газдандыру және материалдық көмек көрсету секілді мәселелерді көте­ріп, құқықтық кеңестер алды. Мәсе­лелері бойынша жазбаша өтініш­терін берді. Ал Жетісай қалалық емхана­сының қызметкерлерімен кездесуде медицина саласының мамандары жұмыс тетіктерін жетілдіру бойынша бірқатар мәселені заңнамалық деңгейге шығаруды, тариф белгілеу әдістемесі мен сақтандырылушының мәртебесін қайта қарауды, ауылда­ғы медицина кадрларының тапшы­лы­ғын төмендетуді, медицина қызмет­керлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды қолға алуды сұрады.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Ауыл жұртшылығының айтары көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар