Ауа райы
1 мин оқу 4,175

Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ел аумағында аяз қайта күшіне енеді.&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 6-8 қаңтар аралығында аяз күші - 30 градусқа жетеді деп болжап отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

Алдағы тәуліктерде атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальдың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік облыстарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

6 қаңтарда еліміздің солтүстік-батысына қалың қар түседі.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта қалың қар жауады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

«Солтүстік-батыс антициклон арқылы суық ауа массасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Осылайша, түнде батыста және солтүстік-батыста аяз болып, температура - 8-25 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігінде -5-30 градус аяз болса,  республиканың шығысында -5-18 градусқа дейін күн суытады. Оңтүстік облыстарда түнде - 5, күндіз цельсий бағаны + 7 көрсетеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Бөлісу:
Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар