Қоғам
1 мин оқу 235
Түркістанда қап-қап есірткі тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia-ке сілтеме жасап.</p>

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігі тоқтатылды. Көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды. Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді», делінген ақпаратта.
Күдікті қамалып, тергеу амалдары басталды.
Бөлісу: