Қоғам
1 мин оқу 1,290

Қазақстан халқының саны нақтыланды

<div class="description" style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы деректерді нақтылады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Қазақстан халқының саны нақтыланды

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 014 575 адам болған. Оның ішінде:

  • қала халқы – 12 431 220 адам;
  • ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.

2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға өсті. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті. 

Мамандар халық санының ең жоғары өсу қарқыны келесі аймақтарда тіркелгенін хабарлады:

  • Астана – 5,11%;
  • Алматы – 2,82%;
  • Маңғыстау облысы – 2,4%.
Бөлісу: