Теннис
1 мин оқу 170

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

<div class="description" style="text-align: justify;">Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 40-орында тұрған 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

Осыған дейін қос теннисші былтыр Франция ашық чемпионатында кездесіп, онда Елена 6:3 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияны Қазақстан спортшысы қарқынды бастады — 3:0. Сол басымдылығынан сет біткенше айырылған жоқ — 6:3.

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді — 6:2.

Елена Рыбакина финалда қос белоруссиялық, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенко немесе рейтингте 23-сатыдағы Виктория Азаренконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар