Аймақтар
1 мин оқу 15,841

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

<div class="article__description"> <p style="text-align: justify;">Қызылордалық 28 жастағы Ақбота Әбсаттар үшем дүниеге алып келді. Оның 1-еуі ұл бала болса, 2-еуі қыз бала, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> </div>

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет атқарады.

Олардың бұдан бөлек 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1830, 1670, 1200 грамм болды. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келді.

Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады.

Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.

Бөлісу:
Қызылорда облысында үшем дүниеге келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар