Аймақтар
1 мин оқу 6,510

Алматы облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды

<p>Алматы облысы полицейлері 11 күн бұрын жоғалып кеткен 33 жастағы әйелді тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды

2023 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы аумақтық Полиция басқармасына із-түзсіз жоғалған 1990 жылы туған Мөлдір Әбдіманапованың туыстары хабарласты.

«Арыз бірден Кеген ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, барлық қажетті іздестіру шаралары басталып кетті», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Қабылданған шаралардың нәтижиесінде жоғалған әйелдің мекенжайы анықталып, облыстық полиция қызметкерлері оны жақын туыстарына тапсырды.

«Сонымен қатар, азаматша А-мен. профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп атап өтті полковник Б. Әленов.

Бөлісу:
Алматы облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар