Аймақтар
1 мин оқу 485
Алматы мен Түргенде 2-3 балдық жер сілкінісі болды
<p style="text-align: justify;">Алматы мен қала маңындағы жер сілкінісін сейсмикалық станция тіркеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін, 7 қаңтар Алматы уақытымен таңғы 09:10 шамасында жер сілкінді.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3. MPV магнитудасы — 4.6.
Тереңдігі — 10 шақырымға жеткен.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді», делінген сейсмикалық стансиядағы кезекші оператордың хабарламасында.
Бөлісу: