Тағайындау
1 мин оқу 420

Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болып Рустам Әли тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы тағайындалды

Ол 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған Рустам Әлидің атқарған қызметтері:

2006-2011 жылдары – «Деловая неделя» газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.

2011-2012 жылдары – «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директоры.

2012 жылы – Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.

2012 жылы – Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.

2012-2016 жылдары – Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы.

2016-2020 жылдары – Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2021-2022 жылдары – Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жетісу облысы әкімінің орынбасары болды.

Бөлісу: