Қоғам
1 мин оқу 120

Өнеркәсіп алпауыттары геологиялық барлауға белсене кірісті

<p style="text-align: justify;">2023 жылғы 20 желтоқсан күні e-qazyna.kz платформасында электрондық аукцион сәтті өткеннен кейін еліміздің тау-кен өнеркәсібі әлемдегі ең ірі компаниялардың назарына ілікті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, бұл тарихи сәт елдің өсіп келе жатқан тартымдылығын арттыра түсті. Сәйкесінше қазіргі уақытта &laquo;Riotinto&raquo; (Аустралия, Ұлыбритания), &laquo;Fortescue&raquo; (Аустралия), &laquo;Kratos Resources&raquo; (Ұлыбритания), &laquo;Cove Capital&raquo; (АҚШ), &laquo;Eczacibasi Holding&raquo; (Түркия), &laquo;Қазақмыс корпорациясы&raquo; (Қазақстан), &laquo;ERG Exploration&raquo; (Қазақстан), NGK &laquo;Қазгеология&raquo; (Қазақстан) және басқа да алпауыт компаниялардың назары түсті.</p>

Өнеркәсіп алпауыттары геологиялық барлауға белсене кірісті

«Rio Tinto Group» – аустра­лия­лық-британдық концерн, әлемдегі үшінші ірі тран­сұлт­тық тау-кен металлур­гия­лық компаниясы. «Fortescue Metals Group» – аустралиялық те­мір рудасын өндіруші компа­ния және өндірістік қуаты бойын­ша әлемнің төртінші ірі те­мір рудасын өндіруші. «Rio Tinto Group» және «Fortescue Metals Group» сияқ­ты тау-кен компания­ларының нарықтық капиталдануы 180 миллиард доллардан асады.

«45 жер қойнауы учаске­сінде қатты пайдалы қазба­лар­ды барлау құқығын алу­ға бағытталған аукцион 2,5 мил­лиард теңгеге жуық қолтаң­ба бонусымен аяқталды, бұл стратегиялық маңызды аумақ­тарға қызығушылықтың жоға­ры екендігін көрсетеді. Ше­телдік ірі компаниялардың қатысуы олардың жаһандық бәсекелестікке деген ұмты­лысын көрсетіп қана қоймай­ды, сонымен қатар аймақтағы барлау құқығы үшін күрестегі үлесті арттырады», деп хабарлады министрлік.

Мемлекет басшысы Жол­дау­да Үкімет алдына 2026 жылға қарай зерттелетін аумақ­­ты 2,2 миллион шаршы шақы­рымға дейін ұлғайту жөнін­де міндеттер қойған еді. Бұл биік бастамалар ел­дің экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Геологиялық барлауды кеңей­­­ту ел үшін ресурстарды өн­­діру­де, жұмыс орында­рын құруда, отандық және шетел­­дік инвестицияларды ынта­ландыруда жаңа перспективалар ашады.

Әлемдік нарыққа ірі ойын­шы­лардың сәтті тартылуы Қа­­зақ­станның әлемдік арена­­дағы беделі артып келе жатқа­нын көрсе­теді және шетелдік инвести­ция­лардың келуіне ықпал етеді.

Бөлісу:
Өнеркәсіп алпауыттары геологиялық барлауға белсене кірісті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар