Кәсіпкер
1 мин оқу 270

Бесарықтағы бөдене фермасы

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласының іргесінен орын тепкен Бесарық &ndash; жұрты жаңалық пен жақсылыққа жұмылған ауыл. Бүгінде Сырдария ауданына қарасты бұл ауылдағы әр шаңырақ мал ұстап, облыс орталығын етпен қамтамасыз етіп отыр. Жыл тоғысында осы берекелі Бесарықта бөдене фермасы ашылды.</p>

Бесарықтағы бөдене фермасы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындарын құттықтап, тың кәсіп бастап отырған «Абай-Дәулет» ЖШС басшы­лығына табыс тіледі.

– Осыдан сәл уақыт бұрын, Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнін­дегі «Парыз» республикалық конкурсының Гран-при жүлдесін «Абай-Дәулет» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігіне та­быс ет­кені өңір жұртшылығының ор­тақ қуа­нышына айналды. Бұл жүлде – осы кәсіп­орынның ғана емес, Сыр жұртшы­лығының жеңісі, облыстағы барлық кәсіпкерлерге берілген жоғарғы баға. Аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды жобаны қолға алып, бөдене фермасын салған кәсіпкер, «Абай-Дәулет» ЖШС жетекшісі Мұрат Сәрсенбаевқа Сыр жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз, – деді облыс әкімі.

Бесарықтың берекесін үстеп отырған «Абай-Дәулет» ЖШС күріш, құс, мал өсіру­мен, тамақ өндірісі және құрылыс материалдарын шығарумен айналысып, 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Ауылдағы бөдене фермасы жылына 1 500 тонна құс етін өндіреді. Мұндағы 80 мың бас құстың жартысы ет, қалғаны жұмыртқа бағы­тында бағылады. Кәсіпорын толық қуат­қа көшкенде 160 адамды жұмыс­пен қам­тиды.

Жалпы, биыл Қызылорда облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10,3 пайызға артып, 70 977-ге жеткен. Кәсіпкерлікті қолдауға әртүрлі көздерден 42 млрл теңге тартылып, 3,5 мыңнан астам жобаға қаражат бөлінді.

Қызылорда 

Бөлісу:
Бесарықтағы бөдене фермасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар