Қоғам
1 мин оқу 200

Білім бәйгесінен олжалы оралды

<p style="text-align: justify;">Индонезияның Депок қаласында FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар өтті. Чемпионатқа Қазақстаннан &laquo;Antares&raquo;, &laquo;124&raquo;, &laquo;Заман&raquo; және &laquo;Shanyraq&raquo; командалары қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Білім бәйгесінен олжалы оралды

9-11 сынып оқушыларынан құрылған бұл командалардың құрамында Алматы қаласының Абай атындағы РММИ мен №124 орта мектебінің, сондай-ақ Семей қаласының Ш.Құдайбердіұлы атындағы көпсалалы мектебінің білім алушылары бар. Оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше күн бойы өз жұмыстарымен бәсекеге түсті. Нәтижесінде біздің өрендер 7 жүлдемен оралды.

Индонезияда өткен өре бәйгесіне жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар осы жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде олжалады.

Бөлісу:
Білім бәйгесінен олжалы оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар