Көктемгі қызыл су тасқынына дайынбыз ба?
<p style="text-align: justify;">Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталды. Мәселен, су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов көктемгі тасқынға төтеп берудегі қауқарын баяндады. Сала басшысы құрамында 39 мыңнан астам адам, 11 мыңға жуық техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпа сақадай-сай екенін айтты.
Құтқару күші мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де құтқару операцияларына қатысуға дайын. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиісті жол картасын іске асыру жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Ақмола облысында Есіл су реттегішін салу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын жеткізді.