Қостанай – Түркістан - Қостанай бағыты бойынша тікелей әуе рейстері ашылады

Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамытуды ынталандыру мақсатында «QAZAQ AIR» әуе компаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейстерін ашайын деп отыр.

Аталған бағыттағы жолаушылар ұшағы сейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рет (IQ 361 Қостанай (14:10) – Түркістан (16:30); IQ 362 Түркістан (17:10) - Қостанай (19:30) ұшады.
«Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгін тасымалдау нормасы – 5 кг, қол жүгі – 20 кг. Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін. «QAZAQ AIR» аймақаралық маршруттарда «de Havilland Canada Dash-8 Q400»үлгісіндегі канадалық ұшақтарды пайдаланады. Әуе компаниясы ұшу географиясын кеңейту мақсатында бір үлгідегі флотты ұлғайтуды және әуе паркіне реактивті флотты қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр», деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз орталығы.