Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол. Астанадағы вокзалдардың атауы өзгереді
<p style="text-align: justify;">Елімізде Астана вокзалдары мен басқа да бірнеше өңірдегі станция атауларын өзгерту жоспарланып отыр. Вокзалдарға ұсынылған жаңа атаулар Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көлік министрлігі Астана қаласындағы вокзалдарды былай атауды ұсынған:
«ҚТЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалы – Ақмола филиалы МКҚК «Жүк тасымалы» филиалы Астана вокзалы болып қайта аталмақ.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Ақмола филиалы» МКҚК «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» вокзалы «Нұрлы жол» теміржол вокзалы болып қайта аталсын, -деп жазылған құжат жобасында.
Қазақстан Республикасының азаматтары атауларды өзгертуге байланысты сауалнама толтырып, пікір білдіре алады.
Қазақстан бойынша атауын өзгерту көзделіп отырған өзге станциялар тізімін мына жерден көре аласыздар.