Канвондо-2024: Додада бақ сынайтын елордалықтар анықталды
<p style="text-align: justify;">19 қаңтар – 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы өтетіні мәлім. Оған Қазақстаннан 10 бағдарлама бойынша қатысатын 42 отандасымыздың арасынан елордалық спортшылар тізімі анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім еткендей, елордалық жас спортшылар кёрлинг, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы спорттары бойынша дүбірлі додаға енеді.
Кёрлинг: Мерей Тастемір, Ибрагим Тастемір.
Шаңғы жарыстары: Берік Боранбаев.
Конькимен жүгіру спорты: Руслан Жанаділов.
Айта кетсек, Канвондо Олимпиадасына аттанатын спортшыларды іріктеу бойынша жарыстар 2023 жылдың басынан бері өткен, негізгісі ҚР-ның IV қысқы Жастар спорт ойындары саналады. 3 айға созылған аталған сайыста 11 бағдарлама бойынша үздіктер анықталған, атап айтқанда: биатлон, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул, фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.