Аймақтар
1 мин оқу 620

Алматы облысындағы Жетіген ауылы қалаға айналады

<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналады. Тиісті құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың <a href="https://t.me/aqorda_resmi/14341">баспасөз </a>қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Алматы облысындағы Жетіген ауылы қалаға айналады

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулыға қол қойды.

«1. Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген құжатта.

Бөлісу:
Алматы облысындағы Жетіген ауылы қалаға айналады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар