Алматы
2 мин оқу 141

Қызыққа толы сырғанақ алаңы

<p style="text-align: justify;">Жылдағы дәстүр бойын&shy;ша шаһардағы тегін сыр&shy;ғанау алаңдары қала тұр&shy;&shy;ғындары мен қонақ&shy;та&shy;рына биыл да айқара ашық. Дәлірек айтқанда, мұндағы жиырмадан ас&shy;там мұзайдынның 12-сі ақысыз жұмыс істейді.</p>

Қызыққа толы сырғанақ алаңы

Биылғы маусымда Алма­тылықтар үшін алғаш есігін ашқан алып сырғанау айдыны Абай алаңында орын тепкен. Сонымен қа­тар 28 пан­филовшылар сая­ба­ғын­да, Тұң­ғыш Президент пар­кінде, Орталық стадион мен М.Әуезов театрының алдында, Гүлдер саябағы мен Оқушылар үйінің маңында сырғанау орындары түн жарымына дейін үз­діксіз жұмыс істеп тұр. Қала тұр­ғын­­дары мен мегаполис қо­нақ­тары мұнда қалаған уа­қы­тында сырғанақ теуіп, серги алады. Тіпті мұндағы арнаулы нұс­қаушылар келушілерге тегін кеңес беріп, қызмет көр­сетеді. Алдағы күндері де қала­ның бірнеше нүктесінен осындай сырғанақтар ашылмақ.

Демалушылар өзімен бір­ге конькилерін ала келуге тиіс. Сондай-ақ сырғанақ алаң­­дары­ның маңында тамақ­тануға арналған арнаулы орындар мен конькилерді жалға беру орталықтары жұ­мыс істейді. Ұйым­дас­ты­ру­шылар жалға беру бағасы қолжетімді болуы әрдайым қадағаланып отыратынын айтады.

Мұзайдындары Алма­ты­ның мың құбылған ауа райы­на орай­ластырылған. Күн райы 10 градусқа дейін жылыса да, сыр­ғанақ ерімейді. Яғни алаң­дардың арнаулы тоңа­зытқыш құ­ралы мұзды еріт­пеуге қолайлы температураны қамтамасыз ете алады. Қала жұрт­шылығына қуа­ныш сый­лаған әлеуметтік жобаны жү­зеге асыруға жергілікті әкім­дік мұрындық болған.

«Ойын-сауық орталықта­рындағы мұзайдындарына барғанда біраз шығын­да­ла­тынбыз. Былтырдан бері осы тегін сырғанақ алаң­дарына келетін болдым. Бұл да қара­пайым тұрғындар мен студент жас­тарға жасалған үлкен көмек деп есептеймін», дейді қала тұр­ғыны Мақсат Дүйсен.

Сырғанақ алаңдарының есігі көктемнің алғашқы айына дейін ашық.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Қызыққа толы сырғанақ алаңы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар