Өнер
1 мин оқу 150

Оркестр Испанияны ұйытты

<p style="text-align: justify;">Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Испанияда гастрольдік сапармен жүр.</p>

Оркестр Испанияны ұйытты

Еуропаның тыңдарманына ел өнерпаздарының шығармашылығы ұнаса керек, әр концертте зал лық толы дегенді естідік. Күмбірлеген домбыра мен күңіренген қобыз кәрі құрлықтың жұртын баурап алғаны сөзсіз. Әлеуметтік желіде де пікірлер кеңінен тарап жатыр.

Гастроль сапары бір айға созылады. Осы уақыт ішінде ұжым 24 концерт береді. Қарағандылық музыканттар Испанияның кең сарайларында өнер көрсетеді.

Бүгінде Испанияның астанасы Мадридте 4 концерт өткізіп үлгерді. Сонымен қатар оркестр Альбасете, Уеска, Сарагоса, Сан-Себастьян қала­ларының сахналарында өнер көрсетті.

Гастрольдік сапар 21 қаңтарда Мадридт­е өтетін қорытынды концертпен аяқталады.

Бөлісу:
Оркестр Испанияны ұйытты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар