Әскер
2 мин оқу 140

Қорғаныс кешені нығая түседі

<p style="text-align: justify;">Өткен жылы еліміздің Қарулы Күштерінде әскерлердің жедел-жауынгерлік дайындығына бағытталған барлық іс-шара орындалды. Ауқымды жоспарлы оқу-жаттығулар мен жауынгерлік әзірлік барысына тосын тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар Абай, Батыс Қазақстан облыстарындағы өртті сөндіруге, Жамбыл облысында қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін Төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсетілді.</p>

Қорғаныс кешені нығая түседі

Жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Қару­лы Күштердің өткен жылғы қыз­­метін қорытындылады. Оның ай­туынша, өткен жылдың маңыз­­ды оқиғасы – Қарулы күш­­тердің Жоғарғы Бас қол­бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың төра­ғалығымен өткен бүкілар­миялық кеңес.

«Президенттің басшылы­ғымен өткен «Батыл тойтарыс» стра­тегиялық командалық-штаб­тық оқу-жаттығуы әскерлердің жауынгерлік дайындығының шешуші кезеңі болды. Қарулы Күштер тарихында тұңғыш рет Жоғарғы Бас қолбасшылық­тың, соғыс уақытындағы Үкімет пен облыстардың қорғаныс кеңес­терінің экономикалық қызмет­ті және халықтың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі ставкасын өрістету мәселелері пысықталды», деп атап өтті министрдің орынбасары. Оның айтуынша, еліміздің Қарулы Күштері бөлімшелері жеке құрамының далалық білімін арттыру және жауынгерлік үй­лестіру мақсатында мыңға жуық оқу-жаттығу, жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша 16 мыңнан астам сабақ, 40 мың­нан астам жауынгерлік атыс өткен. Бұнымен қоса ол елімізде 6 халықаралық оқу-жаттығу өт­кізілгенін және біздің әскери қыз­метшілеріміз басқа елдердің аумағында өткен 24 оқу-жаттығу мен жарысқа қатысқанын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен бітімгерлік қызметтің географиясы кеңейтілді. Қазақ­стан­ кон­тингентінің Ливандағы БҰҰ мис­сиясында, Батыс Сахара­да­ғы, Орталық Африка Рес­публи­касын­дағы және Конгодағы штаб офицерлерінің ротациялары жүр­гізілді. Ұлттық контингентті келе­сі жылы Голан биіктігінде «БҰҰ-ның бөлінуді бақылау күштері» миссиясына жіберу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар­дың қызметшілері үшін бірыңғай далалық киім нысаны енгізілді. Жаңа үлгідегі далалық киім-кешекке 2024 жылдың төртінші тоқсанында, қалған нысанды киімдерге үш жыл ішінде көшу жоспарланған.

Әскери міндеттілер мен әс­керге шақырылушылардың есе­бі цифрлық форматқа ауыс­ты­рылды. Әскери міндетті­ліктің мәртебесі және әскери есепке алу туралы деректер eGov пай­даланушысының жеке кабине­тінде көрсетіледі. 

«Мерзімді әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында запасқа шығарылған сарбаздарға жоғары оқу орындарынан үш мың тегін орын бөлінді. Екін­ші деңгейдегі банктермен сар­баздарға «несиелік каникул» беру туралы мәселе пысық­талды. Бүгінгі таңда мерзімді қызметтегі 5 мыңнан астам әске­ри қызметшінің несие бойын­ша 1 млрд 875 млн теңге бере­шегі кейінге қалдырылды. Қыз­мет өткерген азаматтар үшін білім беру жеңілдіктері де қолда­нылады», деді спикер.

Үкімет қаулысымен жас­тар­ды 2030 жылға дейін әске­ри-патриоттық тәрбиелеу тұжы­рым­дамасы бекітілді. Бү­гін­гі таң­да елімізде сегіз мың­нан астам әскери-патриоттық клуб, «Жас сарбаз» сыныптары және «Smart sarbaz» үйірмелері жұмыс істей­ді. Оған 280 мыңнан астам бала мен жасөспірім тартылған.

Министрдің орынбасары биыл қорғаныс ведомствосының күш-жігері Ар­найы операция­лар күштері мен аумақтық әс­керлерді дамытуға, әске­ри-оқы­тылған резервтің үле­сін ұл­ғай­туға, армияның ұтқыр мүм­кін­діктерін кеңейтуге, ведом­ство­аралық үйлестіруді жақсар­туға, армияны жоспарлы қайта жа­рақ­тандыруға және отандық Қор­ғаныс-өнеркәсіп кешенін да­мы­туға бағытталатынын атап өтті. 

Бөлісу:
Қорғаныс кешені нығая түседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар