Маман
1 мин оқу 210

Жылыжай білікті мамандарға зәру

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ауыл&raquo; партиясының фракция депутаттары алдағы күндері 17 өңірге баруды жоспарлап отыр. Сапар барысында Павлодар облысы бойынша бірқатар ауыл шаруашылығы нысаны мен кәсіпорындар, шахталар, зауыттар, ауруханалар қамтылмақ.</p>

Жылыжай білікті мамандарға зәру

Мәжіліс депутаты, партия­ның фракция жетекшісі, «Ауыл» пар­­тиясының төрағасы Серік Егізбаев пен Мәжіліс депу­таты Николай Арсютин Екібас­тұздағы «Greenhouse Qaztomat» жылыжай кешенінің жұмы­сы­мен танысып, еңбек ұжы­мы­мен кездесті.

«Greenhouse Qaztomat» жылыжай шаруашылығы  2016 жылы пайдалануға берілген. Онда қы­за­нақ, баялды, қияр өсіріледі. Кәсіп­­орынның жылдық қуаты – 11 мың тонна. Өнімнің біраз бө­лігі импортқа жөнелтіледі. Кә­сіпорында бүгінде 500-ден астам қыз­меткер еңбек етеді, орташа еңбекақы – 185 мың теңге.

Партия төрағасы мұндай ке­шен­ді бірінші рет болып отыр­ғанын, барлық технологиялық жүйе заманға сай екенін атап өтті. Кәсіпорын бас­шы­лығы жы­лыжайға агроном маман­дар­дың жетіспейтініне алаң­дау­шылық танытты. «Көкөніс тұқымдары шетелден қым­батқа сатып алынады. Бұл мә­селелер ең әуелі шаруа­шы­лық­тың дамуы­на, екіншіден баға, карантин мәселесіне кері әсер етіп тұр», деді жылыжай өкілдері. Де­путат­тар кәсіпорын мәселе­лерін мем­ле­кеттік жауапты органдарға жет­­кізуге уәде етті.

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы

Бөлісу: