Ауа райы
1 мин оқу 2,830
Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз күтіледі
<p style="text-align: justify;">Ауа қысымының жылдам өзгеруі Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райын тудырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Синоптиктердің болжауынша, 11-13 қаңтарда қысымның жылдам өзгеруі нәтижесінде Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы болады. Солтүстік облыстарда қарлы, желді ауа райы болса, оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты көктайғақ қалыптасады.
Қатты аязды 11 және 13 қаңтарда батыс облыстардың тұрғындары, 11-12 қаңтарда солтүстік облыстардың тұрғындары сезінеді, мұнда түнде термометрлер 20-32 градусқа дейін төмендейді.
Бөлісу: