Теннис
1 мин оқу 116

AТP турнирі Алматыға ауысты

<p style="text-align: justify;">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТP) алғаш рет Астанадан Алматыға ATP 250 турнирін ауыстыру туралы шешім қабылдады.</p>

AТP турнирі Алматыға ауысты

АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес Almaty Open 2024 жылдың 13-20 қазан аралығында өтеді. «Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр. Almaty Open тек ауқымды спорттық іс-шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena аумағын думанға бөлеп, ерекше көңіл күй мен күш-қуат сыйлайды деп үміттенеміз», деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті.

ATP 250 жарысы – шынында да әлемнің 30 елінде өтетін ауқымды спорт оқиғасының бірі. Аталған санатқа 40 турнир кіреді, онда жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады. Алдағы Almaty Open ATP турнирінің жүлде қоры 1 млн доллардан асады.

Бөлісу:
AТP турнирі Алматыға ауысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар