Аймақтар
1 мин оқу 730

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады

<p>Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.</p>

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады

Оқиға Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болған. Оқиғаға қатты соққан жел себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті.

- Жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмайһ қалған, салдарынан 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кеткен. Автобус Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға түсті, - деді полиция қызметкерлері.

Полицейлердің айтуынша, қазір автобусты жырадан көтеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Бөлісу:
Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар