Футбол
1 мин оқу 300

Азия кубогі басталды

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қатарда өтіп жатқан Азия кубогінің алғашқы ойынында фаворит саналған Өзбекстан құрамасы жеңіске жете алмады.</p>

Азия кубогі басталды

Топтың ғана емес, турнирдің үздік­терінің қатарында болады деп күтілген Өзбекстан ойын­шылары бұл жолы Сирия құрамасынан үш ұпай ала алмады. Қос таймда ойын тізгіні өзбекстандықтарда болғанымен, матч соңына дейін есеп ашылған жоқ. Қарымта шабуылда сирия­лықтар да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Бұл топта қос командадан бөлек, Аустралия мен Үндістан құра­малары бар. Топта бірінші және екінші орынмен шыққан командалар плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алады. «В» тобында турнирдің тағы бір айқын фавориті Аустралия құрамасы екенін ескерсек, топтан екінші орынмен шыққанның өзі өзге командаларға үлкен олжа болғалы тұр.

Бөлісу:
Азия кубогі басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар