Білім
1 мин оқу 270

«Назарбаев зияткерлік мектептерінде» оқу гранты қымбаттайды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ашық НҚА&raquo; порталында &laquo;Назарбаев Зияткерлік мектептері&raquo; дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеуге арналған&nbsp; Президенттің &laquo;Өркен&raquo; білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы&raquo; Оқу-ағарту ведомствосының бұйрығына өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Назарбаев зияткерлік мектептерінде» оқу гранты қымбаттайды

«Гранттың мөлшерлері:

1) жатақханада тұруды есептемегенде, күнтізбелік жылға 2 349 191 (екі миллион үш жүз қырық тоғыз мың жүз тоқсан бір) теңге;

2) жатақханада тұруды есептегенде, күнтізбелік жылға 3 247 305 (үш миллион екі жүз қырық жеті мың үш жүз бес) теңгені құрайды», делінген аталған бұйрық жобасында.

Ал қолданыстағы бұйрық жобасында жатақханада тұру ақысын есептемегендегі жылдық грант құны 2 150 208 теңге, жатақханада тұру бағасын қосқандағы жылдық грант құны 3 036 859 теңге болған.

Бұйрық жобасы 29 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бөлісу: