Аймақтар
1 мин оқу 2,620

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жасар тұрғыны Гаухар Бегалиева өмірге үшем алып келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров отбасының шаңырағына барып, бір ұл мен екі қызға арба, сондай-ақ, қажетті гигиеналық заттарды тарту етті.

Бұған дейін бір ұл және бір қызы бар отбасы осылайша, көпбалалылар қатарына қосылды. Үшемнің анасы аудандық емханада медбике болса, әкесі №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитар болып қызмет етеді.

Айта кетсек, нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Түркістан облысында үшем дүниеге келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар