Аймақтар
3 мин оқу 293

Кітапқа ынталандыратын жоба

<p style="text-align: justify;">Түркістан өңірінде кітап оқуға жұрттың қызығушылығын арттыру, мүмкіндік жасау бағытында бірқатар бастама қолға алынған болатын. Мысалы, былтыр аудан, қала әкімдіктерінде &laquo;Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана&raquo; жобасы жүзеге асырылды. Ал биыл халық көп шоғырланған орында білім беру және мәдени платформа құру мақсатында &laquo;Базардағы кітапхана&raquo; жобасы іске асырыла бастады.</p>

Кітапқа ынталандыратын жоба

Жуырда Түркістан қаласын­да­ғы «Қуаныш» сауда орталығында «Фараб» кітапханасының бөлім­шесі ашылды. Қаладағы ең үлкен сауда орталығында 1700-ден ас­там кәсіпкер жұмыс істейді. Кү­ніне орта есеппен 20 мыңнан астам адам келеді. Кітапхана бө­лімі бір күнде 70 адамға дейін қыз­мет көрсетеді, яғни айына орта есеппен 1500 адамды қамтиды деп жоспарланып отыр. Мұндай тың жоба аудан, қалалардағы ор­талық базарларда жалғасын тап­пақ. Кітапхананың ашылуына жер­гілікті зиялы қауым өкілдері, кәсіп­керлер және облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысты. «Бұл жобаны облыс әкімі Дархан Сатыбалды қолдап, қоғам мәдениетін дамыту бағытында жү­йелі шаралар ұйымдастыруды тап­сырып отыр. Өздеріңізге бел­гілі, өңірде тұрғындардың басым көпшілігі сауда нүктелері арқылы кәсібін дөңгелетіп жүр. Қарапайым халықтың да жиі ке­летін орны – базар. Сондықтан да осындағы кәсіпкерлердің кітап оқып, іскерлік тұрғыдан ізденуіне қолдау білдіріп, мәдени ортаны кеңейту мақсатында тың жобаны бастадық. Қоғамды кітап оқуға қы­зықтыратын жаңа жобалардың жандануы оқырманның көбеюіне тікелей әсер етеді», деді облыс әкі­мінің орынбасары.

впр

Базардағы кітапханада түрлі бағыттағы көркем әдебиеттер мен кәсіпті нығайтуға бағытталған және жігер беретін әлемдік бест­сел­­лер­ден құралған 3 мың­ға жуық кі­тап қоры бар. Бұл туын­ды­лар кә­сіп­керлерге өз биз­несін да­мы­туға, тұлға ретінде қалып­тасуына үлес қосып қана қоймай, жаңа әрі креативті идеялардың тууына мүмкіндік бермек. Халықтың сұранысына сай кітап сөрелері тұ­рақты түрде жаңартылып отырады. Арнайы қатарлар немесе сөрелер орнатылып, сол жерде азаматтар оқыған кітаптарын сый­ға қалдырады, басқа кітаптармен алмастыра алады. Сонымен бірге келушілерге мерзімді басылымдар мен көркем әдебиеттер, балаларға арналған кітаптар ұсынылады. Өңірде жалпы 39 базар жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам кә­сіпкер сауда-саттықпен айна­лы­сады. Жоба аясында аудан, қа­ла­лардағы үлкен сауда орта­лық­тарында да кітапханалар ашылып, бастама жалғасын табатын болады. Жалпы, облыс көлемінде 398 кітапхана, 6 миллионға жуық кітап қоры бар. Сөзіміздің басында айтып өткен «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы нәтижесінде облыстың және аудан, қалалар­да­ғы әкімдік ғимараттарында, әлеу­меттік нысандарда кітапхана бұ­рыштары ашылып, кітапқа деген қолжетімділік артты. Қазіргі таң­да облыс бойынша әкімшілік ғима­ратынан 15 және басқа да нысандарда 8 кітапхананың жылжымалы пункті ашылып, оқырман игілігі үшін қызмет етіп келеді.

Айта кетейік, облыстағы 251 мәдениет мекемесінің 45-і ғима­рат­сыз отыр. Бірі әкімдік немесе мек­тепте, енді бірі жекеменшік ғи­маратта жұмыс істейді. «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бо­йынша былтыр кітапханасымен бірге 13 мәдениет үйі пайдалануға беріліп, 2-еуі күрделі жөндеуден өтті. Облыс әкімдігінің хабарла­уынша, биыл Мақтаарал, Жеті­сай, Сайрам және Шардара аудан­да­рында жалпы 4 мәдениет үйі ­күр­делі жөндеуден өткізіледі. ­2024 жылға өтпелі болған Сауран ­мен Жетісай аудандарында 2 клуб ­ме­ке­месі, Отырар, Сарыағаш, Қа­зы­ғұрт, Төлеби, Созақ, Келес аудан­дарындағы 7 ауылдық мә­де­ниет үйінің құрылысы қайта жанданады.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Кітапқа ынталандыратын жоба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар