Теннис
1 мин оқу 146

Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады

<div class="description" style="text-align: justify;">Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</div>

Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады

Қазақстан теннисшісі кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазір рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық, 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишковамен кездесті.

Бірінші партияда Каролина брейк жасап, 2:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды.

Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Рыбакина қатарынан бес допты өзіне жазды — 7:6 (8:6).

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте отандасымыз брейкпен алға озды— 2:1. Алдағы уақытта да өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ — 6:4.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар