«Барыс» жеңілістен көз ашпады
<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасындағы ке­зекті ойнын өткізген елордалық «Ба­рыс» Ресейдің «Лада» (Тольятти) ко­ман­дасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.</p>

Бұған дейін елордалық клуб қатарынан үш мәрте жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған еді. Салдарынан 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 19-орында тұрған-ды. Сол себепті «Барысқа» әрбір ойында жеңіске жетудің маңызы зор болатын. Кездесу барысында қос команда ойынды белсенді бастады.
10-минутта ресейлік хоккейші Никита Попугаев соққан гол «Лада» командасын алға шығарды. Ал екінші кезеңде олардың қатарынан Андрей Алтыбармакян 30, Трой Джозефс 38-минутта мергендік танытты. Осылайша, елордалық клуб қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.