Инвестиция
1 мин оқу 130

Инвесторлар дауын реттеу тәртібі

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста елімізге инвестиция тартуға арналған ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған заңдарды талқылады.</p>

Инвесторлар дауын реттеу тәртібі

Атап айтқанда «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң өтемақы төлеуді қамтамасыз ету арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарудан қор­ғауды, халықаралық төрелікке қол жеткізуді, сондай-ақ елдердің шетелдік инвестицияға әділ және тең қатынасын қамтамасыз етеді. Өзара іс-қимыл, төлемдер мен аударымдар тәртібі айқындалады, тараптар мен инвесторлар арасындағы дауларды шешудің шектеулері мен тәртібі белгіленеді.

Сонымен қатар «Қазақстан Рес­публи­ка­сының Үкіметі мен Син­гапур Респуб­ликасының Үкіметі арасын­дағы Инвес­тицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» келісімге сәйкес әрбір тарап инвестицияның келуіне тең жағдайды, сондай-ақ халықаралық құқыққа сәйкес толық қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Комитет мүшелері талқылау нәти­же­сі бо­йын­ша заңды Палата отыры­сын­да қа­­рау­ға жіберу туралы шешім қабыл­дады.

Бөлісу:
Инвесторлар дауын реттеу тәртібі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар