Ауа райы
1 мин оқу 420
Еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ауқымды антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбі, 17 қаңтарда тоғыз облыста, Шымкент пен Алматыда қатты жел, тұман және көктайғақ салдарынан дауылды ескерту жарияланған еді.
Бөлісу: