Оқиға
1 мин оқу 402

46 кеншінің қазасы: 9 лауазымды тұлға қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">2023 жылдың 28 қазанында&nbsp;&laquo;Qarmet&raquo; қарамағындағы (бұрынғы АрселлорМиттал) Костенко шахтасында апат болып, 46 кенші қаза болған еді. Оған қоса 28 кенші жарақат алған оқиғаға қатысты іс қозғалып, 9 жауапты тұлға қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

46 кеншінің қазасы: 9 лауазымды тұлға қамауға алынды

Қайғылы оқиғаға қатысты Үкіметте комиссия құрылып, нәтижесінде шахтадағы апатқа 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі деп танылған болатын.

Тергеуді жалғастырған Бас прокуратура істің тәмамдалуға жақын екенін жеткізіп, 9 лауазымды тұлғаның қамауға алынғанын хабарлады.

«Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, дәл осы апаттан кейін «Костенко» шахтасында көмір өндіру толық тоқтатылып, компанияның инвесторы ауысты. 

Бөлісу: