Ертең аяздың беті қайта бастайды - синоптиктер
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">«Қазгидромет» РМК ұсынған болжамға сәйкес, ертең елдегі аяздың беті қайта бастайды, деп хабар</span><span class="s1">лайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Мамандар атап өткендей, 18-20 қаңтарда аяз әлсіреп, күн жылына бвстайды. Сондай-ақ қар жауады деп болжанып отыр. Бірақ елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады.
«Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсері төмендеп, күн жыли бастайды, қар жауады. Десе де елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады, көбіне қар жауады, көктайғақ болып, боран соғып, жел күшейеді», делінген хабарламада.
Бұдан бөлек синоптиктер түнде және таңертең ел аумағында тұман болатынын ескертті.