Хоккей
1 мин оқу 120

Көптен күткен жеңіс

<p style="text-align: justify;">&laquo;Барыс&raquo; командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің &laquo;Салават Юлаев&raquo; (Уфа) командасына қарсы өткізіп, кішігірім сенсация жасады. Елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.</p>

Көптен күткен жеңіс

Бұған дейін барыстықтар төрт мәрте қатарынан жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған еді. Салдарынан 50 ойыннан кейін 40 ұпаймен «Шығыс» конференциясында соңғы 12-орында тұрған-ды.

Уфалықтарға қарсы ойынды жерлес­теріміз белсенді бастады. Нәтижесін­де, елор­да­лық ұжым сапынан Дмит­рий Гурков 6-минутта мергендік танытты. Ойынның 21-минутында Кирилл Са­вицкий есепті үстемелей түскенімен, 40-минутта «Салават Юлаев» хоккейшісі Михаил Науменков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал 49-минутта Николай Кулемин тіпті есепті теңестіріп кетті. Осылайша, негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллитте «Барыстың» жолы болды.

Осы жеңістен кейін «Барыс» командасы «Шығыс» конференциясында бір саты жоғарылап, 52 ұпаймен 11-орынға жайғасты.

Енді Олег Болякиннің шәкірттері 19 қаң­­тарда – ЦСКА (Мәскеу) командасы­мен, 22 қаңтарда «Авто­мо­билист» (Ека­те­рин­бург) клубымен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Көптен күткен жеңіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар