Президент
1 мин оқу 290
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Ақорданың ресми арнасының жазуынша, Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.
Бөлісу: