Үкімет
1 мин оқу 84

Мобильді операторды жаңа инвесторға беру талқыланды

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономи&shy;каны демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.</p>

Мобильді операторды жаңа инвесторға беру талқыланды

Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекелі ортаға шығару үдерісі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіс­сөз­дер жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жалпы, бұл шара халыққа көр­сеті­летін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтіліп отыр.

Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнер­кәсібіндегі және басқа да салалар­дағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.

Бөлісу: