Аймақтар
2 мин оқу 215

Құмқұдыққа газ жетті

<p style="text-align: justify;">Жаңа жылдың қуанышы &ndash; Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылына көгілдір отын келді. Ауылға газ құбыры 90 шақырым жердегі аудан орталығы Темірбек Жүргенов ауылынан тартылды.</p>

Құмқұдыққа газ жетті

Ақтөбе облысының табиғаты таза,  мал өсіріп, бидай, қара бидай, тары, арпа егіп, бірыңғай ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан  ауданның еңбекқор тұрғындары бұл жаңа­лыққа ерекше қуанды. Өйт­­кені іргесі сөгілмеген бұл ауыл қа­зан­нан мамырға дейін күл шы­ға­рып, көмір жағудың бейне­тін жақсы біледі. Ауылды ұстап тұрған ірі шаруашылықтар бол­ма­ғанда, жұрты баяғыда көшіп кетер ме еді?..

Құмқұдықтың шетіндегі үй­лерге газ құбыры кірді, енді бір­тіндеп барлық көшеге тартыла бастады. Осы жұмыстың ұзаңқырап кетуіне Әйтеке би ауданы елді мекендерінің бір-бірінен қашықтығы да себеп болды. Құмқұдыққа газ тарту жұмыстарына екі жыл бұрын бюджеттен 4,1 млрд теңге бөлін­ген.  Енді, міне осы қаражатқа 89,6 шақырым газ құбыры жүр­гі­зілді. Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев ауыл­дастарының қуанышына ортақ­та­сып, көгілдір отын кірген үйлерге арнайы соғып шықты.  «Бүгін ауыл тұрғындары  күл шығарып, көмір кіргізудің  бей­не­тінен құтылып жатыр. Біздің жақта қыс ұзақ, алты ай көмір жағамыз. Оның үстіне, бір үйді жылытуға кемі алты тонна көмір керек. Жыл сайын көмір баға­сы­ның көтеріліп жатқаны өз алдына. Қалай болғанда да табиғи газбен жылыту әрі арзан, әрі ауылдастарыма қолайлы», дейді Дәулетияр Тоғызбаев.

Қазіргі кезде Әйтеке би ауда­нын­дағы  27 елді мекеннің 13-і газдандырылды. Биыл ауданда құны 2,3 млрд теңге болатын жоба жоспарға енді. Осы ар­қылы  Сұлукөл, Ақтасты, Толыбай, Әйке, Тереңсай ауылда­рына көгілдір отын кіргізіледі.  Мұнымен бір кезде  Қияқты, Ұлғайсын елді мекендеріне де  газ жеткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық және жергілікті бюджеттерден  қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Ақтөбе облысы 

Бөлісу:
Құмқұдыққа газ жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар