Экономиканы жаңғырту мәселелері талқыланды
<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асырудың, өнеркәсіп пен тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамытудың, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.
Орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына», «Қазақтелеком», «Тау-Кен Самұрық» компаниялары басшыларының қатысуымен өткен талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешімдер қабылдады.