Қазақстан
1 мин оқу 242

Мемлекет басшысы Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихында тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің&nbsp;<a href="https://www.facebook.com/profile.php?id=100003403233694">Facebook</a>&nbsp;парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. &nbsp;</p>

Мемлекет басшысы Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады

«Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Бөлісу: