Спорт
1 мин оқу 202

Полина Омельчук – жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері

<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиада ойындарында Полина Омельчук қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне&nbsp; сілтеме жасап.</p> <p>&nbsp;</p>

Полина Омельчук  – жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері

Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта финалдық сында бағын сынаған П.Омельчук  1:41:600 уақыт көрсеткішімен қола жүлде иеленді.  Қысқы Олимпиаданың алтыны мен күміс  медалін қытайлық  Ли Жинзи мен  Ян Жингру олжалады.  Жасөспірімдер додасының екінші күнінде еліміздің еншісіне  екінші жүлде бұйырып отыр.

Кеше  шаңғымен  тұғырдан секіру сынында Илья Мизерных  Олимпиаданың алтынын иеленген болатын.   

Бөлісу:
Полина Омельчук – жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар